Алматы қар астында: коммуналдық қызметтер күшейтілген режимге ауысты

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Алматыда кешеден бері қар жауып жатыр. Осыған байланысты қалада коммуналдық қызметтер күшейтілген режимге көшті.

Көшелерді тазалауға 2710 жұмысшы мен 1225 техника жұмылдырылған. Жолдарға көктайғақтың алдын алу үшін құм-тұз қоспасы себілді. Қазір қалада шамамен 3–4 см қар түскен.

Тұрғындарға жолда сақ болу ескертілді.

Дереккөз: Ашық ақпарат көздерінен

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp