Алматыда LRT желісінің рельстерін төсеу басталды

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Бұл жұмыс қажетті жер қазу және инженерлік коммуникацияларды қайта орналастыру шаралары аяқталған учаскелерде кезең-кезеңімен қолға алынған.

Бауыржан Момышұлы көшесіндегі учаскенің ұзындығы 4,4 шақырым. Қос жолды желі салу аясында 14 784 темірбетон шпал мен 1 408 рельс төсеу қарастырылған.

Сонымен қатар жобаның бірінші кезегіне кіретін басқа учаскелерде, оның ішінде Төле би көшесінде де жұмыстар жалғасып жатыр. LRT желісі өтетін аумақта орналасқан инженерлік желілер технологиялық үдеріске сәйкес кезең-кезеңімен қайта орналастырылуда.

Дереккөз: @baq_kz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар