Алматыдағы тергеу изоляторына тыйым салынған заттарды үш мәрте өткізу әрекеті тоқтатылды

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Қала аумағындағы қылмыстық-атқару жүйесі мекемесіне заңмен рұқсат етілмеген бұйымдарды алып кірудің жолы кесілген. Полиция департаментінің мәліметінше, жыл басынан бері осындай үш жағдай тіркелген және олардың барлығы тергеу изоляторында болған. Өткен жылы қала мекемелерінде ұқсас 11 дерек анықталған.

Полиция өкілдерінің айтуынша, профилактикалық түсіндіру жұмыстары мен ресми ескертулерге қарамастан, кей азаматтар тыйым салынған заттарды кіргізуге әрекет жасауды жалғастырып отыр. Осыған байланысты алдын алу шаралары тұрақты түрде жүргізіліп, бейнебақылау күшейтілген, ал сәлемдемелер мен жеке заттар мұқият тексеріледі.

Дереккөз: Ашық ақпарат көздерінен

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp