Алимент төлеу – ата-ананың баласы алдындағы заңмен бекітілген міндеті. Алайда сот шешімі шыққанына қарамастан, берешегін өтемей жүрген азаматтар аз емес. Түркістан облысында бұл бағытта атқарушылық жұмыстар жүргізіліп, борышкерлерге қатысты тиісті шаралар қабылдануда. Жеке сот орындаушылар қарызды уақытылы өтеудің маңыздылығын ескертеді.
Авторлар: Қуаныш Амангелді, Нұрболат Еркін



