Келес аудандық полиция бөлімінің жаңадан тағайындалған басшысы Алмас Мырзахметов тұрғындарды алаяқтық қылмыстарынан сақ болуға шақырды. Соңғы уақытта интернет пен ұялы телефон арқылы жасалатын алаяқтық әрекеттер жиілеп кеткенін айтқан ол, әсіресе зейнеткерлер мен жастар жиі құрбан болатынын атап өтті. «Күмәнді сілтемелерге кірмей, бейтаныс адамдарға жеке мәліметтеріңізді бермеңіздер», – деді ол.
Авторлар: Мейірхан Бақытжанұлы, Ережеп Тұрғынбайұлы





