Келес ауданында жыл басынан бері акциз салығын төлемеген 5 кәсіпкерлік нысан анықталды. Көлеңкелі бизнесті әшкерелеу жұмыстары Мемлекеттік кірістер басқармасы мен Келес аудандық жергілікті полиция бөлімінің бірлескен іс-әрекеті нәтижесінде белгілі болған. Бұл туралы Салық органының мамандары мәлімдеді.
Авторлар: Нағима Әбдірахым, Аман Асылбек