Акселерациялық кездесу: туризмді дамыту мен инвестиция тарту жолдары қарастырылды

Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі

Астанада туризм саласындағы инвестициялық жобалардың дамуын тежейтін негізгі мәселелер мен кедергілерді анықтауға бағытталған акселерация форматында кездесу өтті. Іс-шараға қатысушылар аталған мәселелерді шешу және саланы тиімді дамыту үшін жағдай жасау бойынша ұсынымдар әзірлеуге ерекше назар аударды.

Басқосуға мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектордың және бизнес өкілдерінің, оның ішінде ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров, ҚР ТСМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Кәріпбаев, сондай-ақ туризм және меймандостық саласындағы жетекші компаниялардың басшылары қатысты.

Жиын барысында туризм саласындағы бизнесті мемлекеттік қолдаудың қазіргі шаралары, саланың даму динамикасы мен негізгі көрсеткіштері, соның ішінде инвестиция тарту, инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ инвестициялық жобаларды іске асырудағы негізгі мәселелер талқыланды.

Акселерация форматы қатысушыларға қазіргі сын-қатерлерді талқылап қана қоймай, командалық жұмыс арқылы идеялар ұсынуға және Қазақстанның туризм саласының тартымдылығын арттыру үшін практикалық шешімдер әзірлеуге мүмкіндік берді.

ҚР Туризм және спорт министрлігі бизнес өкілдерімен және мүдделі тараптармен ашық диалог орнатуға, сондай-ақ елдегі туризмді тұрақты дамыту үшін қолайлы жағдай жасау жөніндегі жұмыстарды жалғастыратынын атап өтті.

Дереккөз: ҚР Туризм және спорт министрлігі

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар