
Аудан әкімінің орынбасары А.Қозыбаевтың төрағалығымен азаматтық қоғамды дамытудың тұжырымдамасын іске асыру бойынша дөңгелек үстел өтті. Аталған жиынға ауданның ішкі саясат бөлімінің басшысы З.Хамзаева, жергілікті полиция қызметінің отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының аға инспекторы подполковник А.Кубегенова және дербес бөлім қызметкерлері қатысты.

Мақсаты: азаматтық қоғамды дамыту, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, жолын кесу, жауапкершілікті күшейту, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу және қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру.

Жиынға қатысушылар жан-жақты сұрақтарын қойып, керек жауаптарын алды.
