Келес аудандық мәдениет үйінде “Келес” Халық театры Есенғали Раушановтың «Абай» спектаклінің премьерасы ұсынылды. Қойылымда ұлы ақынның өмір жолы ғана емес, Абай мен Құнанбай арасындағы терең қарым-қатынас мүлде жаңа қырынан ашылды. Көрерменге ұсынылған туынды — рухани тәуелсіздік пен әкелі-балалы тұлғалардың ішкі әлемін таразылайтын ерекше драмалық сахналау.
Авторлар: Әсел Әбдібек, Марат Жолдас





